Миқдад ибн Ғамр Радиаллаһу анһу «Мен міндетті түрде Ислам үстем болып тұрған шақта қайтыс боламын».
Миқдад ибн Ғамр (р.а.) 584 жылы Мекке тысында орналасқан «Наһра» деген жерде туған. Толық есімі Абу Мағбад Миқдад ибн Ғамр ибн Сағлаба әл-Кинди әл-Бахрани. Әкесі Ғамр ибн Сағд бір қылмыс жасап қойып, өз руын тастап кетеді де Кинда руын паналайды. Миқдад ибн Ғамр (р.а.) осы оқиғадан кейін туылған.
Абу Аиюб әл-Ансари (р.а.) Хазраж руынан шыққан. Толық есімі Халид ибн Зәйд. Мадиналық ансарлықтардан болатын. Ол Ислам тарихында Абу Аиюб әл-Ансари (р.а.) деген атымен танымал болды.
Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) хижри күнтізбенің шығуына мұрындық болған сахаба. Ол Құран Кәрімді Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) өзінен үйреніп қари болған-ды. «Дәуіт (а.с.) Пайғамбардың дауысындай әсем үн берілді» деген атқа да ие болып еді. Құранды мәнерлеп оқығанда тыңдаушыны ерекше әсерге бөлейтін. Аллаһ Тағалаға деген тақуалығынан (діндарлығынан) көз жасын төгіп көп жылайтын. Шәкірттеріне: «Егер жылай алмасаңдар, жылауға әрекет жасаңдар!», - деп өсиет ететін-ді. Қаншама жылдар бойы ел басқарып келсе де, дүние мүлікке қызықпады, салиқ жанды (әулие) тұлға еді.
Пайғамбарымыз әкелген Исламдіні мұсылмандар үшінерекше дін болды. Ол адамзатқа тыныштық пен татулық, бақыт сыйлады. Осындай бақытты кезеңде өмір сүрген әрі ең бағалы қазынасын Аллаһ жолында жұмсай білген ардақты cахабалардың бірі – Саад бин Әби Уаққас еді. Ол Исламды 17 жасында алғаш қабылдаған бесінші сахаба болды. Өзі орташа бойлы, ірі денелі айбатты тұғын. Жұмсақ мінезді, адамдармен жылы сөйлесетін. Пайғамбарымыздың шешесі Әмина анамыз бен Саад бин Әби Уаққастың шешесі бір тайпадан, яғни Зүһре тайпасынан болғандықтан пайғамбарымызға туыстық жағы да бар еді.
Аллаһ Расулінің (с.а.у.) тәлім-тәрбиесін көрген, шынайы да адал, парасатты ханым, асыл ана Әбу Бәкір Сыддықтың қызы Айша анамыз қасиетті Мекке қаласында дүниеге келді. Ол кезде Меккеде, Аллаһ Елшісіне пайғамбарлық міндет жүктелген болатын. Яғни шыр етіп дүние есігін ашқалы Ислам отбасында тәрбиеленген-ді. Бұл туралы Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын): «Ата-анам мұсылман болғаннан кейін дүниеге келгенмін» - дейтін.
Аллаһтың адамзатқа берген азды-көпті өмірін көркем мінезбен көріктеп, Аллаһ разы болатындай ізгі амалдар жасап, сүйікті құлдарының бірі болуға тырысып баққанға не жетсін! жалғасы...
2007-03-18
ЕҢ ҮЛКЕН КҮНӘНІҢ БІРІ – АЛЛАҺ ТАҒАЛА ОРТАҚ ҚОСУ
Бүкіл мадақ пен мақтау еш теңдесі жоқ жалғыз Жаратушы иеміз Аллаһ Тағалаға ғана тән. Жаратушы мен жаратылған пенделердің арасында дәнекер болған, ғаламның ұстазы Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (с.а.у.) салауаттар болсын. жалғасы...
2007-03-18
МҰСЫЛМАННЫҢ МІНДЕТІ – ЖАҚСЫЛЫҚҚА ШАҚЫРУ
Өмір ағып жатқан өзен тәріздес. Сол өзен ағымында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері таба алмай, бастарын тасқа да жарға да ұрып, тура жолға түсе алмай жатады. жалғасы...