Куфа қаласында бір сараң адам өмір сүріпті. Бір күні сараңдықтың соңына жеткен тағы бір сараң адамның Басра қаласында тұратындығын естіп, тезірек оның жанына барып, одан біраз нәрселер үйренгісі келеді.
Балалар! Өздеріңе арнайы әзірленген «Рахмет самалы» журналының «Балалар беті» көңілдеріңнен шықты деген ойдамыз. Журнал бетінде жарияланған рухани азық беретін мақалалар, әңгімелер, өзге де мәліметтер ойларыңа ой қосып, өзіне баурап ала отырып имандылыққа жол ашты деп үміттенеміз. Сендер балаларға арнап ай сайын шығып тұратын «Ақ желкен», «Балдырған» секілді басылымдарды өте жақсы білесіңдер. Ал біздің осы ересектер журналының бір бетін өздеріңе арнауымыз – мазмұны терең, Исламға, мұсылманшылыққа тәрбиелеп, тәлім беретін жаңа балалар басылымына қадам болмақ.
Балалар! «Рахмет самалы» журналы өздеріңе әр нөмір сайын арнайы бір бет әзірлеп отырады. Сондықтан әрбір санын күтіп, көңіл бөліп өздеріңдей жасөспірім балаларға Ислам дінінің қандай базарлығы бар екенін оқып-біліп отырыңыздар.
Қазіргі таңда бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас маңызды мәселелердің біріне айналды. Мысалы: бала мен ата-ана арасындағы түсініспеушілік әр түрлі өкінішті жағдайға әкеп соқтырады.