|
|
|
|
2009-04-08 |
Абдуллаһ Хикмет Атан Хадис ғылымдарының докторы
ПАЙҒАМБАР СҮННЕТІНЕ МОЙЫНСҰНУ – КӘМІЛ ИМАННЫҢ БЕЛГІСІ Абдуллаһ бин Амр (р.а.) риуат еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Сіздердің қайсыбіріңіз менің (Хақ Тағаладан) әкелгендеріме мойынсұнбайынша, кәміл иман келтірген болып есептелмейсіздер» (Байхаки, Бағауи).
жалғасы... |

2008-03-04 |
Абдуллаһ Хикмет Атан
Хадис ғылымдарының докторы
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сара жолы – жәннатқа жетелейді
Имам Бұхари және Муслимнің «Әл-Жамиус-Сахих» атты хадис кітаптарында әрі хадистер топтамасының арасында жоғары саналатын хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Менің мысалым мен Аллаһ Тағаланың мен арқылы жіберген нәрсенің мысалы мынадай кісінің мысалы тәрізді: «Бір кісі өз қауымына келіп, мен өз көзіммен дұшпан ордасын көрдім, қауіп төнетінінен хабардар етемін, сақ болыңдар!» - дейді. Қауымының бәзі біреулері оның сөзіне құлақ асып, ол жерден ұзақтап, бір түн бойы сапар шегіп, қауіптен құтылады. Ал, қалғандары бұл хабар берушіні өтірікке шығарып, орындарынан қозғалмастан таңды атырады. Алайда жау ордасы таң атысымен оларды тұтқындап, қырып салады. Міне, бұл мысал, маған бойсұнып, алып келген нәрселеріме сенгендерді және маған қарсы шығып, Аллаһ Тағаладан алып келгендерімді өтірікке шығарғандарды көрсетіп тұр». (Бұхари, Иғтисам 2; Муслим, Фадаил 15)
жалғасы... |

2008-03-04 |
Абдуллаһ Хикмет Атан
Хадис ғылымдарының докторы
Ақырет қорқынышы жүрекке ұяласа екен...
Ардақты сахабалардың көзін көрген табиғиндердің ұлы имамы, хадисші, фиқһ ғылымдарының ұстазы Хасан Басридың сахабалар жайында айтқан мынадай бір сөзі бар: «Бәдір шайқасындағы қаһармандардың жетпісінің көзін көрдім. Сіз оларды көрсеңіз, мыналар жынданған екен деп ойлар едіңіз; олар да сіздердің жақсыларыңызды көрген болса, мыналар ахлақтан жұрдай екен дер еді, ал жамандарыңызды көрсе, олардың тіпті есеп беретін күнге де сенбейтіндіктерін айтқан болар еді».
жалғасы... |

2008-03-04 |
Абдуллаһ Хикмет Атан
Хадис ғылымдарының докторы
ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖАСАУДА КЕМЕЛДІККЕ ЖЕТУ ЖӘНЕ ИХСАН ҰҒЫМЫ
Имам Бұхари мен Муслимнің «сахих» хадис жинақтарында Пайғамбарымыз (с.а.у.) Муаз ибн Жәбәлға былай деген:
– Муаз! Аллаһ құлдарынан нені талап етеді, білесің бе?
– Аллаһ пен Оның расулі жақсы біледі.
– Ешбір нәрсені Аллаһқа ортақтастырмастан, құлшылық етулерін талап етеді... Ал құлдардың Аллаһтан сұрайтыны не, білесің бе?
– Аллаһ пен Оның елшісі жақсы біледі!
– Өздеріне азап бермеуін сұрайды. (Бұхари, Таухид 1; Муслим, Иман 48-49)
жалғасы... |

2008-03-04 |
Абдуллаһ Хикмет Атан
Хадис ғылымдарының докторы
ӘУЛИЕ КІСІНІ СҮЮ НЕМЕСЕ ОНЫ ЖЕК КӨРУ
Имам Бухаридің «Әс-Сахих» атты кітабында сахаба Әбу Һурайра жеткізген хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) былай деген:
«Аллаһ Тағала айтады: Кім-де-кім менің әулиелерімнің (достарымның) біріне дұшпандық жасаса, шүбәсіз оған Мен соғыс ашамын. Құлым өзіне парыз етіп белгілегенімнен басқа ешбір нәрсемен Маған артық жақындай алмас. Бұған қоса, құлым нәпіл (қосымша) ғибадаттармен Маған жақындай берері соншалық, нәти-жеде Мен оны сүйе бастаймын. Ал Мен оны сүйген болсам, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы, жүретін аяғы, (ойланатын жүрегі, сөйлейтін тілі) боламын. Егер Менен сұраса, Мен оған шын мәнінде (сұрағанын) беремін. Менің жанымнан пана іздесе, Мен оны қорғаймын. Өлуді қаламаған, Өзім де жаман мәмілежасағым келмеген, бірақ өлмеске шарасы жоқ мүмин (иман келтіруші) құлымның жанын алуда шешімсіз болғанымдай басқа мәселеде шешімсіз болған емеспін».
жалғасы... |

2008-03-04 |
Хикмет Атан
Хадис ғылымдарының докторы
ӘҺЛІ СҮННЕТ УӘЛ-ЖАМАҒАТ
Сахаба Ауф бин Мәлік (р.а.) келтірген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Яһудилер жетпіс бір фирқаға (топқа, ағымға) бөлінді, олардың біреуі ғана жұмаққа кіреді, қалған жетпіс тобы тозақтық. Христиандар болса жетпіс екі топқа бөлінді. Олардың да жетпіс бір тобы тозақтық, тек бір ғана тобы жұмаққа кіреді. Аллаһтың атымен ант етемін! Менің үмметім жетпіс үш топқа бөлінеді, олардың біреуі ғана жұмаққа кірсе, жетпіс екісі тозақтық болады». Сонда сахабалар:
жалғасы... |

2008-03-04 |
Абдуллаһ Хикмет Атан
Хадис ғылымдарының докторы
БАРЛЫҒЫМЫЗ ШОПАНБЫЗ!
Жауапкершілік – істеген істерге байланысты сұраққа тартылу, есеп беру дегенді білдіреді. Дүниедегі барша жаратылыстың белгілі бір мақсаты болады. Сол сияқты адам баласының да өмірде бір мақсаты бар. Сондықтан бұл жалған дүниеде адамзатқа үлкен жауапкершілік жүктелген. Бұған әрбір пенде қиямет күнінде жауап беретін болады. Осыған орай Аллаһ Тағала адамзат баласының осы міндеті мен жауапкершілігін білдіру мақсатында қасиетті кітаптар мен пайғамбарлар жіберіп отырған.
жалғасы... |

2008-03-04 |
Абдуллаһ Хикмет Атан
Хадис ғылымдарының докторы
МҰХАММЕД (САЛЛАЛЛАҺУ АЛӘЙҺИ УӘ СӘЛЛӘМ)
ХАДИСТЕРІНЕН ТАҒЫЛЫМ
Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) келтірген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Аллаһ Тағаланың маған берген білімі мен тура жолы жер бетіне жауған жаңбыр тәрізді. Жауған жаңбырды бойына сіңіріп, мол өсімдік шығаратын топырақ түрлері болады. Ал енді кейбір топырақтар бойына жауынның суын сіңірмей көлшік ретінде сақтайды. Аллаһ мұндай суды халыққа пайдаландырады. Яғни жан-жануарлар ол суды ішіп шөлін қандырса, адамдар егінді суғару үшін пайдаланады. Сондай-ақ топырақтың тағы бір түрі бар. Суды сіңірмейді, көлшік ретінде сақтамайды, оған шөп те шықпайды. Міне бұл, дінді түсініп, Аллаһтың маған берген білімінен пайдаланып, оны үйреніп һәм үйрететін, бірақ осылардың бәріне құлақ аспай қарсы тұратын адамға ұқсайды». (Бұхари, Ілім 20; Мүслим, Фәзайыл 15)
жалғасы... |

2008-03-04 |
Абдуллаһ Хикмет Атан
Хадис ғылымдарының докторы
ШЫНАЙЫ ИМАННЫҢ НӘРІН АЛУ
Бұхари мен Муслимнің хадис кітаптарында (араб тілінде бұл екі кісінің хадис кітаптары «муттәфақун аләйһ» деп келтіріледі) сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Үш ерекшелік бар. Кімде сол үш ерекшелік бар болса, иманның шынайы нәрін алған болады:
1. Аллаһты және Оның Елшісін барлық нәрседен артық сүю
2. Жақсы көретін барлық нәрсесін Аллаһ жолында жақсы көру
3.Аллаһ Тағала өзін күпірлік саз-балшығынан құтқарғаннан кейін, сол күпірлікке қайтып оралуды өзін отқа лақтырғандай жек көру». (Бухари, Иман 9; Мүслим Иман 67)
жалғасы... |

2008-03-04 |
Абдуллаһ Хикмет Атан
Хадис ғылымдарының докторы
МҰСЫЛМАН ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ СҮННЕТ
Құндылықтың анықтамасы жоғары, кемшіліксіз дегенді білдіреді. Араб тілінде құндылық дегеніміз «кәмәл» (кемшіліксіз, толық) сөзімен түсіндіріледі. Мұны адамзат үшін «кемелді адам» деп қолданады.
Ислам діні барлық нәрсенің ең жақсысын істеуді әрі ең дұрысын ұсынуды мақсат тұтатын теңдесіз дін. Ислам Пайғамбары Мұхаммед (с.а.у.) кемелдіктің, кемел адамның озық үлгісін сүннеті арқылы барша адамзат баласы үшін таптырмас үлгі-өнеге болған тұлға.
жалғасы... |
|
| |
| |
| |
2004 жыл |
2005жыл |
2006 жыл |
2007 жыл |
|
|
|