Фабричный ауылының тұрғыны Мариям (Ирина) апайдың мұсылман болғандығы жайындағы әңгіменіестіген едік. Сол әңгімені «Рахмет самалы» журналымызға жариялап, оқырман қауымға жеткізгенді жөн санадық.
–Аллаһқа сансыз шүкір, асыл дініміздің дамуы жүрегімізді қуанышқа бөлейді. Мешіттер өсу үстінде. Жамағаттар көбейіп, үлкен мешіттерге сыймай жұма және айт намаздары аулаларда да оқылуда. Жоғары білімді имам-хатиб дайындайтын университет жұмыс істейді.
ҚМДБ Діни уағыз және оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі
Қайназарұлы Әбдімүтәлі қажымен сұхбат
Құрметті Әбдімүтәлі қажы, осы сіз басқарып отырған Діни уағыз және оқу-ағарту бөлімінің жұмысымен таныстырып өтсеңіз.
- Діни уағыз және оқу-ағарту бөлімі 2003 жылдан былай қарай бөлім аталды. Бұған дейін сектор болатын. Негізінде 2000 жылдан бастап (яғни Құрылтайда жаңа мүфти сайланған жылы) діни басқарманың ауқымы кеңейтіліп мешіт істер бөлімі, шариғат және пәтуа бөлімі, діни істер бөлімі, баспасөз хатшысы және осы діни уағыз және оқу-ағарту бөлімі ашылды.