Жанұя қоғамның ең маңызды ұйытқысы екені баршамызға мәлім. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Сондықтан Ислам діні өз кезегінде отбасына ерекше назар бөледі.
Қазіргі таңда отбасын құрып, үйлену емес, үй болу қиынның қиыны болып бара жатыр. Күн өткен сайын «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген қазақтың келелі сөзінің мәні енді жете аңғарылғандай. Неге десеңіз Қазақстанда статисттердің ресми мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде отбасы болып құралған үш жанұяның біреуі ажырасып тынады екен.
Қоғамның іргетасы отбасынан басталады. Сондықтан отбасы мықты болса, одан құралған қоғам да соншалықты мықты болады. Яғни, мықты қоғам, жақсы отбасыдан құралады.
Отбасы мүшелерінің бақытқа қол жеткізуі, бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен бауырмашылдығына байланысты.
«Ертеңін ойлаған ел азбайды» деген халқымыздың даналығына сүйене отырып, менің айтарым бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана. Бұған қоса қазақта, әлем әйел кіндігінде – деген де сөз бар. Бұл сөздің мағынасы ару аналар тіршілікте күре тамыр, өмірді бір-біріне жалғап тұратын келер ұрпақтың жалғасы. жалғасы...