2008-03-04:
Ахмет Бекта?
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған күні құтты болсын!
Аллаһ Тағалаға сансыз мақтау, Пайғамбарымызға салауат болсын!
Шын мәнінде Аллаһ Тағаланың адам баласына берген нығмет-несібелері ?ексіз. Оны санап та тауыса алмайсың. Құран Кәрімде:
«Аллаһтың нығметін санайтын болсаңдар, санына жете алмайсыңдар» делінген. (?браһим сүресі 34-аят)
Осы нығметтердің ең үлкені бізге дұрыс жолды көрсету ү?ін өз арамыздан таңдап алынған пайғамбарлар мен олар арқылы келген иләһи кітаптар. Бұл тұрғысында Аллаһ Тағала былай дейді:
«?й адамдар! Сендерге Раббыларың тарапынан бір үгіт, жүректегілерге ?ипа, сену?ілер ү?ін тура жол және рахмет келді». «(Мұхаммед а.с.): Олар Аллаһтың кең?ілігі, мәрхаметімен болған. Сол ү?ін олар қуансын...». (Юнус сүресі 57-58 аяттар)
Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.) осындай нығметтің қадір-қасиетін білуді, оған ?үкір етуімізге насихаттады. Сонда Пайғамбарымыздан дүйсенбі күнгі тұтылатын ораза жайында сұралғанда, ол (с.а.у.):
«Ол күні мен туылғанмын. ?рі уахидің маған түсіріле бастаған күні» деп жауап берген болатын. (Муслим, Ораза 1162)
Мұсылмандар ү?ін пайғамбарға деген сүйспен?ілік әр уақытта ең бірін?і кезекте болу керек. Өйткені Құранда: «Пайғамбарлар, мүминдер ү?ін өздерінен артық» деген аят бар. (Ахзап сүресі 6-аят)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде де:
«Сендердің е?қайсысыларың мені ата-анасынан, бала-?ағасынан және барлық адамзаттан артық жақсы көрмейін?е, нағыз иман келтірген болып есептелмейсіңдер» деген. (Бухари, 6632)
Жоғарыда айтылған аят-хадистер пайғамбарымыздың туылған күнін, оның пайғамбарлығына ?ын көңілмен қуанып ?үкір?ілік етуіміз керектігін білдіріп тұр. Тіпті қай уақытта қуанып, ?үкір?ілік етуіміз керектігі де айтылған. Яғни, дүйсенбі күні ораза ұстау арқылы мәулітті апта сайын тойлаған болып саналамыз. Дегенмен «Рабиул әууәл» айының он екін?і күнін яғни Пайғамбарымыздың туған күнін «мәуліт ке?і» ретінде атап өте аламыз ба, жоқ па? Бұл жөнінде ?слам ғалымдары әртүрлі көзқарастарды алға тартса да, көбісі мәуліт ке?ін құттықтаса болады деп оны мақұл көрген. Енді осы тақырып жайында қазіргі таңдағы ғалымдар не айтады екен, соған тоқталсақ.
«Мұсылман Ғалымдары Бірлігі» ұйымының жетек?ісі белгілі Мысырлық ғалым, доктор, профессор Юсуф әл-Қардауи:
«Кейбір мұсылмандар, хижрат, мираж, Меккенің фәтхі (алынуы) және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған күні сияқты іс-?араларды атап өтуді, сол күндерге көңіл бөлуді дінде бидғат санап, «әрбір бидғат адасу» деген имам Муслим келтірген 592 хадисті дәлел ретінде келтіреді. Бұлай үкім ?ығару дұрыс емес. Ал егер мұндай игі іс-?аралар мен еске алу ке?терінде бидғат нәрселер бар болса онда басқа әңгіме. Біз мұндай ке?терді пайғамбар өмірімен танысу, әрі оны басқаларға үйрету мақсатында үлкен мүмкін?ілік деп білуіміз керек». Мұндай бұл іс-?араларда біз Аллаһ Тағаланың нығметтерін еске аламыз әрі өзгелерге ескертеміз. Бұл діни тұрғыдан дұрыс амал болып саналады. Құранда: «Ей иман келтіргендер! Аллаһтың сендерге бағы?таған нығметін еске алыңдар» дейді. (Ахзап сүресі 9-аят)
Ал Сирияның мүфтиі ғалым, доктор, профессор Мұхаммед Сайд Рамазан әл-Бути бұл жөнінде мынадай ой айтады:
«Сахих хадисте Пайғамбарымыздан (с.а.у.) дүйсенбі күнгі оразаның себебін сұрағанда: «Бұл күн менің туылған күнім» деп жауап берген. (Муслим, Ораза 1162) Оның туылған күнін ораза тұтып тойлау біздің бүгінгі атап өтіп жүрген мәулітке негіз бола алады. Атап өтіліп жүрген бұл мәулітті бидғат деуге келмейді. Өйткені, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған күнін атап өту, бірден-бір қайырлы әрі пайдалы іс-?ара ғана. Бұл іс-?аралар бұрын болмаған қазіргі таңдағы діни конференциялар мен семинарлар сияқты. Енді мұны бидғат деу дұрыс емес. Ең бастысы бұл іс-?араларды өткізу барысында харам нәрселерді араластырмау».
Сондай-ақ ғалым Сайд Мұхаммед бин Алауи әл-Мәлики: «Бізді толғандыратын басты мәселе адамдардың ме?іттерге жиналуы. Сондықтан бұл мүмкін?ілікті пайдаланып қайырлы, игі істерге түрткі болу» дейді.
Сондықтан «Уа, Мұхаммед! Саған есендік болсын! Туған күнің құтты болсын!» деп Пайғамбарымыздың туылған күнін еске алып, ол күндері салауат айтсақ әрине орынды. Аллаһқа ?үкір тәуелсіздігіміздің туы желбірегеннен бері, елімізде әр жылы мәуліт күнін күтіп алу үрдіске айналды. Ақ маңдайлы әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымыз, қала берді жастарымыз да ?ын ықыластарымен қарсы алуда.
Сөз соңында айтарым келе жатқан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған күні құтты болсын! ?рбір ?аңыраққа ынтымақ пен береке тілей отырып, Пайғамбарымызды үлгі тұтатын салихалы жандардың қатарынан жазсын!