Бүгін: жыл.
Негізгі бет Таңдаулыға үстеу Хат жазыңыз
Рухани-танымдық, діни, тарих-мәдени журнал
№ 2 (30) наурыз-сәуір 2009 ж
· Редакция алқасы · Журнал авторлары · Жарнама · Жазылу-2007 ·
Тақырыптар
Хадистерден тағылым
Кітапхана
Сыр-сұхбат
Құран іліміне кіріспе
?слам және отбасы
Өлеңдер топтамасы
Мұсылман?ылық әдептер
Қызықты әңгімелер
Үлкен күнәлар
Көңіл дариясынан ғибратты насихаттар
Ғылымхал
Білгенге – маржан
Ұлы тұлғалар
Саңлақ сахабалар
Пайғамбарлар баяны
Мұсылман өлкелеріне саяхат
Балаларға базарлық
Діни айлар мен күндер
Рахмет Самалы журналы

E-mail жазылу:
  
 

Сайттан Іздеу:
   
 

 
 
БЕС УАҚЫТ НАМАЗДЫҢ АДАМ БАЛАСЫНА ?СЕРІ

Адам оның әлсіздігі тым секем?іл. Не нәрсеге болса да үрке қарап, айналадағы көп нәрседен өзіне қауіп төніп тұратын сияқты. Бір жағынан ол тым дәрменсіз. Қастығы мен қысастығы дұ?паны көп. Қайғы-қасіреті де бір басына жетерлік. ?рі өте кедей. Зәрулілік бітпейді. Адам сондай-ақ ерін?ек, кү?-қуаты төмен. Ал өмір болса керісін?е, тым күрделі, жүгі ауыр. Адам болғандықтан әлеммен тығыз араласпай тұра алмайды. Алайда тағзым етеді. Ақыл-ойы оны биік мақсаттарға, ұ?қыл қиялдарға жетелесе де айналып келгенде тағы да сол қысқа жіп күрмеуге келмейді. Адамның бәрібір қолы қысқа, өмірі ?олақ, кү?і аз, ?ыдамы жетпейді.

Міне, дәл осындай кейіптегі рухтың таң намазы кезінде құдіреті мен мейірімі ?ексіз Хақ Тағаланың салтанатты сарайынан тілек-дұғасы мен намазы арқылы өтіні? білдіріп, өзіне табыс пен міндет тілеуі қан?алықты орынды. Өзін күн бойы күтіп тұрған күндізгі әлемнің қат-қабат қиын?ылығы мен сан-алуан ауртпалығына көндігуде, иығына түскен зіл-батпан салмақты еңсеруде, өзіне берген міндетін мүлтіксіз атқара алмауында нық арқа сүйер сүйені?ін еске алып дәтке қуат бекітуге қан?алықты қисынды екені құпталық.

Бесін уақыты болса – күндіздің толықсынып кемелденіп, енді бір сәтке біртіндеп күннің екін?і жартысына ауа бастаған кезі. Оған қоса, күндік толассыз, қыруар ?аруаның ең бір қым-қуат сапырылыс ?ағында, жұмыстың барлық басым-ауыртпалығы бір сәтке арылып, уақыт?а болса да сәл-пәл тынығатын мезгіл.

?рі өткін?і пәни дүниенің ауыр жұмыстарынан бір бас алмаудан пайда болған бейқамдықпен сіресуден бой мен сананы бірдей арылтып, рухтың тыныс алуына жол а?атын кез. ?ләһи нығметтердің бой көрсетер тұсы. Адам жаны өлмейтіндей қысым, ауыртпалық, бейқамдықпен мән-мағынасыз пәни тірліктен арылып, е?кімге мұқтаж емес, мәңгілік нығмет-несібелердің ?ынайы иесі Аллаһ Тағаланың алдында құл?ылық жасауға ниет етіп қол байлайды. Өзіне нәсіп болған, бүкіл ризық несібе атауына ?үкір етіп жарату?ыға мақтау айтады. Оның ұлылығының алдында иіліп тағзым етеді, рукуғқа барады. Оның теңдессіз кемелдігі мен жамалына таңырқап, әсемдігін дәріптеп сәждеге бас қояды. Өз сүйспен?ілігі мен таңданысын бесін намазын оқу арқылы білдірудің қан?алықты орынды, қан?алықты керемет екенін ұғына алмау, сірә адамдыққа жатпаса керек?!

Екін?і жағынан ары қа?қан сүреңсіз күн мезгілін қа?ырған қарттықты, ақыр заманның жан түр?іктірер сәттерін еске түсіреді. Сондай-ақ, бір күнгі қауырт жұмыстың аяқталуға бет алған ?ағы болғандықтан күні бойғы өзіндегі сау-саламаттық пен жақсы жұмыс істеуге қажырлы денсаулығы бір төбе. Жарату?ының нәсіп еткен жақсылықтарын еске алар сәт.

Күнбатысты қызыл түске бөлеп күннің бата бастауы да адамға ерек?е ой салады. Барлық нәрсенің өткін?ілігі көз алдында тұрады. Дәл осы сәт, мәңгілікті еске салып аңсайтын о баста сол ү?ін де жаратылғандай. Жақсылыққа бас иіп, айрылысудан азап ?егетін адамның рухы тазалықты қалап, екінті намазын оқуға ниет етеді. Аллаһ Тағаланың ?ләһи құзырына ?ығып, і?кі тілеуін тілеп, дұғасын қайтарады. Аллаһтың ?ексіз рақымдылығын пана тұтып, ?ексіз ризық-несібелері ү?ін ?үкір?ілік білдіріп, мақтау айтады. Ұлы тағзыммен бас иіп рукуғқа барады. Соның құдайлығын жоғары санап, өзінің құл екенін еске алып тағы да барын?а, қарапайымдылықпен сәждеге бас қоя отырып, адам жаны мазасыздықтан арылып, ?ексіз рахатқа бөленеді. Сондықтан екінті намазы Аллаһтың құзырындағы бүкіл бұйрықтарына дайын екендігін көрсетеді. Өзінің әлсіз құл екендігін мойындап пенделік кейпін тағы да елестетеді. Дәл осы уақытта екінті намазының атқарылуы қан?алықты керемет екендігі де даусыз.

Ақ?ам уақытында жадыраған жаз жетіп, күреңіткен күз сырғып, орнын қытымыр қыстың басқанын елестетеді. Сол секілді адамның да қайтыс болуын, өзіне жақын бүкіл туған-туыс, ағайын жекжатпен қо? айтысып, қабірге сапар ?еккен сәтін еске түсіреді.

Құптан уақытында аспан көк жүзінде қалып қойған күндіздің белгілері сол күйі жым-жылас ө?іп, жер бетінде тас түнек түн қараңғылығы орнайды. Күн мен айды өз әміріне бағындырған Хақ Тағаланың пәрменді ?ләһи ісін еске салады. Жүрегі сенімге толы мұсылман барлық іс-әрекеттеріне көңіл аударып, бақылап отырады. Біреуге жамандық істегенін қолынан келгенін?е жуып-?аюға, бұдан кейін қолынан келген?е жақсылық жасауға тырысады. Осының арқасында жасаған құл?ылығымыз жүрегіміздегі иманды арттырады, әрі парасатты болуымызға қамтамасыз етеді.

Қорытындылай келгенде бес уақыт намаз бізге үнемі Аллаһты еске салып отырады. ?р түрлі жаман іс-әрекеттерден бас тартқызады. Оқыған намазының арқасында мінез-құлқы өзгеріп, күллі жақсылықтардың бәрін бойына жинайды. Адамгер?ілігі мол инабатты болады. Міне, сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мүминдердің иман тұрғысынан ең мықтысы – ең көркем мінездісі, ал ең қайырлысы – әйелдеріне қайырлы болғаны» - деп насихаттайды. Яғни, адам баласының мінез-құлқы, дүниеге деген көзқарасы кі?іпейілділік пен мейірімділік әдептілігіне байланысты. Пайғамбарымыз (с.а.у.) тағы бар хадисінде: «?деп иманның бір бөлігі» деп айтқан. Сондай-ақ «?дебі жоқтың иманы жоқ» деген қанатты сөз бар. Кейде мына жалғандағы күнделікті өмірде болып жатқан келеңсіз оқиғаларға қарап отырып өзіңе-өзің сұрақ қоясың. Осы адамдар неге бірін-бірі ренжітеді?

?я, адам баласының мінез-құлқы өте нәзік қой. Кейде болмағыр нәрсеге бой алдыра саламыз. Халық «Ұяда не көрсең, ұ?қанда соны ілерсің» дегенді де босқа айтпаса керек. Дегенмен, әрдайым ақыл-ойға жүгініп, жүрегімізге иман нұрын ұялатып, бес уақыт намаздан арылмасақ, бойымызға жақсы мінез-құлықтың қалыптасатындығына күмән келтірмес едік.



Авторы: Онегин Оңласбеков
2007-03-18

 
2008-03-04
Мұрағат
 
2004 жыл
2005жыл
2006 жыл
2007 жыл
· Редакция алқасы · Журнал авторлары · Жарнама · Жазылу-2007 ·
   Copyright © Қазақ Интернеті © All Rights Reserved