Бүгін: жыл.
Негізгі бет Таңдаулыға үстеу Хат жазыңыз
Рухани-танымдық, діни, тарих-мәдени журнал
№ 2 (30) наурыз-сәуір 2009 ж
· Редакция алқасы · Журнал авторлары · Жарнама · Жазылу-2007 ·
Тақырыптар
Хадистерден тағылым
Кітапхана
Сыр-сұхбат
Құран іліміне кіріспе
?слам және отбасы
Өлеңдер топтамасы
Мұсылман?ылық әдептер
Қызықты әңгімелер
Үлкен күнәлар
Көңіл дариясынан ғибратты насихаттар
Ғылымхал
Білгенге – маржан
Ұлы тұлғалар
Саңлақ сахабалар
Пайғамбарлар баяны
Мұсылман өлкелеріне саяхат
Балаларға базарлық
Діни айлар мен күндер
Рахмет Самалы журналы

E-mail жазылу:
  
 

Сайттан Іздеу:
   
 

 
 

Осман Нұри Топба?

?сламтану?ы ғалым

 

БІРТУАР ТҰЛҒАДАН – КӨРКЕМ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

Аллаһ Тағаланың адамдарды бір-біріне мұқтаж етіп жаратқанын, әсте жадымыздан ?ығармауымыз керек. Қоғамда бай, әл-ауқаттылар болса, олармен қатар кедей-кеп?іктер мен әлсіздер де болады. Сондықтан біз өз-өзімізге: «Аллаһ Тағала кейбір жандарды неге мұқтаж етіп жаратқан?» деп сұрақ қоюымыз қажет. Мұның жауабы былай?а болса керек: «Мұқтаж жандар, мұқтаж болмағандар ү?ін иләһи аманат».

 

Бір нәрсеге деген махаббат, сол махаббатқа себеп болған немесе оған қатысты барлық нәрсеге өз әсерін тигізеді. Мысалы, Расулуллаһтың (с.а.у.) мүминдер ү?ін мыңдаған таулар арасынан Ухуд тауын ерек?е атағандығы оған деген айрық?а махаббаты болса керек. Осымен қатар хижреттен бұрын жәй ғана бір «Ясриб» қаласын кейінірек «Мәдина Мунаууара»  яғни Нұрлы қалаға айналдырып, бүкіл үмметтің сүйікті қаласы болуы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) махаббатымен тығыз байланысты екендігінде жатыр. Шынында да «Мәдина Мунаууара» мүминдер ү?ін өзге қалаларға қарағанда салыстыруға келмейтін үлкен сүйіспен?ілікке ие. Оның аты аталғанда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) атының да еске алынуы осының айғағы.

Жарату?ы Аллаһты сүю, Оның сүйікті ел?ісі Пайғамбарымызды сүюді және оның артынан еруді керек етеді. Сол ү?ін Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:

«(Мұхаммед а.с.) оларға айт: «Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Аллаһ Тағала сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Аллаһ аса жарылқау?ы, ерек?е мейірімді». (?ли ?мран сүресі 31-аят)

Яғни Аллаһ Ел?ісіне бағыну, оған ?аба сарп ету, адамды Аллаһтың сүйікті құлдарының қатарында болуға мәртебесіне жеткізеді. Аллаһ пен Ел?ісіне деген махаббаттың арқасында, жаратылған мақұлықтарға мейірім-?апағат?ыл, ке?ірімді болу, дүние-мүлкін дін бауырларымен бөлісу секілді жақсы қасиеттер рухани құндылықтар пайда болады.

Сондықтан да болар сахабалар, Расулуллаһтың (с.а.у.)  ақиқи жан-дүниесін түсіну ү?ін, оның руханиятының айналасынан ?ықпай ?ыр-көбелек айналып, ол кісінің руханиятымен бөлісуді дүниедегі ең үлкен нығмет деп танып осылай?а иләһи несібелерге бөленген. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көркем мінез-құлқынан яғни, өнегелі де, үлгілі тұлғалылығынан барын?а несібесін алған мүминдер өз  болмысындағы табиғи құндылықтарды дамытып, иманы мен мінез-құлықтарын ?ыңдай отырып, адамзатқа жарық ?а?ар ?ам-?ырақ бола білген.

Сондықтан аурудың қыңыр жүректің ең тама?а ?ипасы –  Расулуллаһқа деген ?ынайы махаббат пен оның ұлы мінезінен туындаған «сүннетке бағыну» болып табылады. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) осын?алықты қатты сүйген үмметімен жәннатта бірге болғысы келгендіктен, Хақ Тағаланың әмір еткен әрбір нәрсесіне үмметінің де ұқыптылықпен назар аударуын қалаған-ды. Раббымыз, қасиетті бір аятта, Ел?ісінің үмметіне деген ынтызарлығын былай деп баяндайды:

«Расында сендерге і?теріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүминдерге өте жұмсақ, ерек?е мейірімді». (Тәубе сүресі 128-аят)

Үмметіне осын?алықты ынтызар болған Пайғамбарымызбен «Кәусар» бұлағының басында қауы?у ү?ін оның өсиеттеріне бар ықыласымызбен құлақ түруіміз керек. Сонымен, Пайғамбарымыз біздің ұқыптылықпен назар аударуымызды қалаған маңызды өсиеттерінің бірне?еуін атап өтелік:

а) Аллаһ Ел?ісі (с.а.у.) былай дейді:

«Раббым маған, үнсіз жүрудің тәфаккүр (ойлану) екендігін білдірді (мен де сендерге соны өсиет етемін)».[i][1] 

Аллаһ Тағала, бүкіл мақлұқтарға (әлем, жан-жануарлар мен адамзат және жындар) олардың ерек?еліктеріне қарай тәфаккүр түрін берген.   

Адамдар мен жындардан басқа мақлұқтардың тәфаккүріне «сәуқи таби» делінеді. Бұл тәфаккүр оларға өмір сүру ү?ін қажет. Яғни, жан-жануарлардың қарындарын тойдыруы, өздерін әр түрлі қауіптен қорғауы және жұптасуы секілді жағдайларда жәрдемін тигізеді. Ал, адам баласының тәфаккүр етуі рухани жан-дүниесін байытып, Аллаһ Тағалаға жақын, тама?а кәміл құл болуға жетелейді. Сондықтан адам тәфаккүрді фәни дүниелік пен нәпсі құмарлық пайдалардың жолында құрбан ететін болса, неткен адасу?ылық пен надандық десеңіз?і.

Адам, тек қана тәфакккүр мен рухани сезім құ?ағында жоғарылай отырып, иләһи махаббаттан өз несібесін алады әрі өлімнен кейінгі халі де баянды болады.

 

Мүмин кісілердің тәфәккүр ете отырып төккен көз-жастары –мына өткін?і түндердің сәні, қабір қараңғылықтарының нұры, ақыретте жәннат бақтарының гүлдері болады

Тәфаккүр – адам баласын жоғарғы дәрежелерге жеткізудегі ең маңызды жолдардың бірі. Тура жолды көрсету?і Құран Кәрім, адамды, алға?қы аятынан бастап, соңғы аятына дейін терең тәфәккүр етуге ?ақыра отырып, адамның жаратылуындағы хикметтерді, әлемдегі таңғажайып жүйені және Құран Кәрімнің теңдессіз ғажайып мұғжиза екендігін ойлануға ?ақырады. Мысалы, «Ойланбайсыңдар ма?», «Тәфәккүр етпейсіңдер ме?», «Ғибрат алмайсыңдар ма?» деген секілді сөздермен адамдарға ескертеді. Сол себептен, адам өз атына лайық өмір сүруі ү?ін, Құран Кәрімнің заңдарымен тәфәккүр кейіпіне енуге аса мұқтаж.

Аллаһ Тағала былай дейді: «Аллаһ Тағала көктер мен жерді әрі екеуінің арасындағыларды ?ындықпен белгілі бір мерзім ү?ін жаратты. Өздері жайында тәфаккүр етпейді ме?» (Рұм сүресі 8-аят)

«Алға?қы жарату Бізді ?ар?атты ма? Жоқ олар жаңа жаратылыстан (өлімнен кейінгі тірілуге) күмандануда. Расында адамзатты Біз жараттық. Оған, нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз». (Қаф сүресі 15-16 аят)

Аллаһ Ел?ісі (с.а.у.) пайғамбарлығы жақындап қалған кезінде оңа?а қалып тәфәккүр етуді қатты жақсы көретін еді. Оның бұл уақыттардағы ғибадаты; тәфәккүр ету – бабасы ?браһим (ғ.с.) секілді жер-көктің рухани әлемінен ғибрат алып, Кағбаны тама?алау түрінде болды.[ii][2]   

Сол күндерде, жаратылыс біткеннің бәрі әрі оны хикметпенен жаратқан Аллаһ Тағала хақында жиі-жиі тәфәккүр еткен Расулуллаһ (с.а.у.), кейінгі өмірінде де әрдайым ойға ерік беріп, тәфәккүр хәлінде болды. Орынсыз жерде сөйлемейтін. Сөйлегенінен гөрі үндемегені ұзаққа созылатын. Бірақ бір әңгімені бастаса жарты жолда кесіп тастамай, толық аяқтайтын. Көптеген мағыналы сөйлемді бірне?е-ақ сөздерге сиғызып, қысқа әрі нұсқа сөйлейтін.[iii][3] Үмметін де, әрбір уақыт Аллаһтың жаратқандары туралы тәфәккүр етуге ?ақыратын.[iv][4] Осымен қоса тәфаккүрдің ерек?е түрдегі ғибадат екендігін айтып отыратын.[v][5]

Ай?а (р.а.) Аллаһ Ел?ісінің (с.а.у.) жүрек тазартуы мен тәфаккүрі жайында былай дейді:

«Бір түні, Расулуллаһ (с.а.у.)  маған:

«Ей Ай?а! Рұқсат берсең бұл түнді Раббыма ғибадат қылумен өткізейін», деді. Мен де:

«Құдай ақы! Сенімен бірге болуды сондай жақсы көрем. Дегенмен сені қуантатын нәрсені одан да қатты жақсы көремін», дедім.

Кейін орнынан тұрып, жақсылап дәрет алды да, намаз оқи бастады. Намазда жылап тұрды. Жылағаны сон?алық, киімі, мүбәрак сақалдары, сондай-ақ сәждеге бас қойған жері қатты дымқылданып қалды. Ол кісі осындай халде тұрғанда, азан?ы Білал намазға ?ақыруға келді. Пайғамбарымыздың жылағанын көріп:

«Уа Расулуллаһ! Аллаһ Тағала сіздің өткен-кеткен және келе?ектегі күнәларыңызды ке?ірсе не ү?ін жылайсыз?» деді.

Мұны есіткен Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Аллаһқа көп ?үкір?ілік еткен құл болмайын ба? Уаллаһи бұл түні маған сондай аяттар түсірілді, оны оқып алып, тәфәккүр етпегендерге нендей өкіні?!» деп, артын?а мына аяттарды оқыды:

«Күдіксіз көктердің және жердің жаратылуында түннің және күндіздің өзгеруінде әлбетте ақыл иелері ү?ін (Аллаһтың бір екендігіне) дәлелдер бар. Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр халде) Аллаһты еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында терең тәфәккүр етеді де: Раббымыз! Сен бұларды босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!». (?ли ?мран сүресі 190-191-аяттар); (?бн Хыббан ІІ, 386, Рухул-Маийан IV, 157)

Бұл қасиетті аяттар түсірілген түні Аллаһ Ел?ісі (с.а.у.) көк жүзіндегі жұлдыздарды да сүйсіндіретіндей інжу-маржан көз-жастарымен таңды атқызып еді.

ә) Пайғамбардың тағы бір өсиеттерінің бірі:

«Раббым маған сөйлеген халімнің зікір болуын әмір етті, (сендерге де соны өсиет етемін)».

Сүйгендер, сүйгендеріне деген махаббаттың кү?тілігінен әрдайым оны есіне алып отырады. Бір жағынан есіне ала отырып, сүйгеніне деген махаббатын одан сайын кү?ейтеді. ?ман ләззатының дәмін алғандар да осылай?а Аллаһ Тағалаға деген терең махаббаттарының арқасында Оны күн сайын зікір етіп естерінен ?ығармайды.

Аллаһты зікір ету дегеніміз «Аллаһ» сөзін тек тілде ғана қайталап айту емес, оған ?ын ықылас қойып, мәніне терең бойлап, жүрекке бекіту. Өйткені қасиетті аятта былай баяндалады:

«...Естеріңде болсын! Аллаһты еске алумен ғана жүректер орнығады». (Рағыд сүресі 28-аят)

Ай?а (р.а.) анамыздың айтуын?а Расулуллаһ (с.а.у.) әрқа?ан, әрбір сәтте Аллаһ Тағаланы зікір еткен.[vi][6] Сондықтан Хақ Тағала бізді де сондай болуға ұқсап бағуға ?ақырып, былай дейді:

«Раббыңды көп зікір ет те, ертелі-ке? дәріпте». (?ли ?мран сүресі 41-аят)

«(Сол қорқыны?ты уақытта) қа?ан намазды өтеп болсаңдар, Аллаһты тұрып, отырып және жатқан бойда зікір етіңдер...» (Ниса сүресі 103-аят)

Міне, бұл жоғарыда келтірген аяттар қорқыны? кезінде болсын, аласапыран заманда болсын Аллаһ Тағаланы зікір ету керектігін яғни қай уақытта болмасын жүректердің өзімен бірге болуды білдіріп тұр.

Дәлірек айтқанда адам жаман ой-пікірден аулақ болуы ү?ін әрдайым зікірде болуы ?арт. Өйткені Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:

«Сондай Аллаһты ұмытқан және сол себепті Аллаһ та, оларға өздерін ұмыттырған кісілер тәрізді болмаңдар. Міне солар пасықтар (бұзақылар)». (Ха?ыр сүресі 19-аят)

Сонымен қатар Ұлы Раббымыз, Хазіреті Мұса мен Харунды (ғ.с.) Перғауынға жібергенде:

«Сен және бауырың (Һарун) екеуің, мұғжизаларымды апарыңдар. Мені зікір етуде селқостық танытпаңдар» деген. (Таһа сүресі 42-аят) 

?рине жүрегі «Уа Раббым!» деп соғатын кісінің аузынан былапыт сөз ?ықпайды, өзгенің ақысын жемейді, жан-жануарға да қатігездік істемейді. Неге десеңіз, Аллаһты әрдайым зікір ететін кісі, Оның Рахман және Рахим деген есімдерінің ?уағына бөленеді.

Сондай-ақ жүрегі әрдайым Аллаһ деп соққан кісі үлкен дәрежелерге жетеді. Бұл турасында Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Раббысын зікір еткен кісі мен етпеген кісінің айырма?ылығы, тірі мен өлінің айырма?ылығы секілді»,  деген. (Бухари, Дағуат 66)

б) Пайғамбарымыз (с.а.у.) мына өсиетінде былай дейді:

«Раббым маған, әрбір назарымның (кез-келген нәрсеге назар аударуда) ғибратты болуын әмір етті (мен де сендерге соны өсиет етемін)».

Аллаһ Тағала әрбір нәрсеге және уақиғаларға ғибрат көзімен назар аударатын құлдарын мақтай келе,  аяттарын, осындай кісілер ү?ін а?ық баяндайтынын білдіруде. Мұндай аяттар адам баласына айналасындағы тір?ілік иелері мен болып жатқан уақиғалардан ғибрат алуға ?ақыра отырып, былай дейді:

«(Адамдар) түйеге қарамай ма, қайтіп жаратылған? Олар, аспанға қарамай ма, қайтіп көтерілген? Олар, тауларға қарамай ма, қайтіп тігілген? Олар, жерге қарамай ма, қайтіп төселген?». (Ға?ия сүресі 17-20 аяттар)

«Олар жер-жүзінде кезіп, өздерінен бұрынғылардың ақыр-аяғының қалай болғанын көрмей ме?...». (Мұхаммед сүресі 10-аят)

Аллаһ Тағаланың адамдарды бір-біріне мұқтаж етіп жартақанын е?қа?ан жадымыздан ?ығармауымыз керек. Қоғамда әрдайым бай-бақуаттылар болса, кедей-кеп?іктер мен әлсіздер де бар?ылық. Біз өз-өзімізге: «Аллаһ Тағала кейбір жандарды неге мұқтаж етіп жаратқан?» деп сұрақ қоюымыз керек. Мұның жауабы былай?а болса керек: «Мұқтаж жандар, мұқтаж болмағандар ү?ін иләһи аманат». Бұл жауапкер?ілікті Аллаһ жүктеген. Сол ү?ін бай-бақуаттылар, кедей-кеп?іктің орнында, кедей-кеп?ік те, бай-бақуаттылардың орнында болуы әбден мүмкін. Олай болса, жағдайы жақсы кісілер, мұқтаждардың жағдайын жасағанда үлкен жауапкер?ілікпен атқаруы қажет. Өйткені бұл жалған дүние, мәңгілік өмірдің жанында өте қысқа. Мүмкін, әлгі мұқтаж кісілер өздерінің сабырлылықтары мен ?үкір?іліктерінің арқасында ақыретте өте мол нығметтерге бөленер.

Бір күні Расулуллаһ (с.а.у.):

«Құдыреті кү?ті Аллаһқа ант етемін! Сіздер бір-бірлеріңізге мейірім-?апағат көрсетпейін?е, жәннатқа кіре алмайсыздар», - деді.

Қадірлі сахабалар:

«Уа Расулуллаһ! Бәріміз де мейірімдіміз», - деді.

Аллаһ Ел?ісі (с.а.у.):

«(Менің меңзегенім) мейірім, сіздердің ұққандарыңыздай тек қана бір-біріңізге деген мейірім емес. Бұл бүкіл жаратылыс біткенді қамтитын мейірім. ?ә, бүкіл жаратылыс біткенді қамтитын мейірім!..», -деді. (Хаким, ІV, 185/7310)

Тағы бір хадисте:

«Мүмин кісілер бір-бірін жақсы көруде, бір-біріне жаны а?уда әрі бір-бірін қорға?тауда бір денеге ұқсайды. Дененің бір мү?есі ауыратын болса, өзге мү?елері де сол себепті мазасызданып, ыстығы көтеріледі». (Бухари, ?деп 27; Мүслим, Бирр 66)

Енде?е Аллаһ Тағала Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көркем мінез-құлқына сай өмір сүруді, бір-бірімізге материалды һәм рухани жана?ыр болуды нәсіп етсін! Сонымен қатар ақыретте мәңгілік бақытқа кенеліп, мұсылман жұртына және халқымызға бақыт пен ынтымақ әкелсін!

?мин!



 



[i][1] ?брахим Жанан, Хадис Энциклопедиясы, ХVІ, 252,  5838 хадис.

[ii][2] Айни, Умдатул-Қари, І, 61 бет

[iii][3] ?бн Сағыд, І, 422

[iv][4] Дәйлами, ІІ, 56

[v][5] Али әл-Муттақи, Кәнзул-Уммал, ХVІ, 121

[vi][6] Мүслим, Хайыз, 117



Авторы:
2008-03-04

 
2008-03-04
Мұрағат
 
2004 жыл
2005жыл
2006 жыл
2007 жыл
· Редакция алқасы · Журнал авторлары · Жарнама · Жазылу-2007 ·
   Copyright © Қазақ Интернеті © All Rights Reserved