Бүгін: жыл.
Негізгі бет Таңдаулыға үстеу Хат жазыңыз
Рухани-танымдық, діни, тарих-мәдени журнал
№ 2 (30) наурыз-сәуір 2009 ж
· Редакция алқасы · Журнал авторлары · Жарнама · Жазылу-2007 ·
Тақырыптар
Хадистерден тағылым
Кітапхана
Сыр-сұхбат
Құран іліміне кіріспе
?слам және отбасы
Өлеңдер топтамасы
Мұсылман?ылық әдептер
Қызықты әңгімелер
Үлкен күнәлар
Көңіл дариясынан ғибратты насихаттар
Ғылымхал
Білгенге – маржан
Ұлы тұлғалар
Саңлақ сахабалар
Пайғамбарлар баяны
Мұсылман өлкелеріне саяхат
Балаларға базарлық
Діни айлар мен күндер
Рахмет Самалы журналы

E-mail жазылу:
  
 

Сайттан Іздеу:
   
 

 
 
«РАХМЕТ САМАЛЫНАН» РУХАН?ЯТТЫҢ ЖЕЛІ ЕСЕДІ

Еліміз тәуелсіздік алып егемендікке қол жеткізген аз уақыттың і?інде рухани байлығы мен құндылықтарына қайта оралды. Соның басты айғағы Аллаһ үйі болған ме?іттер жер-жерден а?ылып, сандары күн санап артып келеді. Мұнымен қатар дініміздің асыл мұраларын жетік білетін білікті де білімді дінтану?ылардың қатары жыл өте көбеюде. Бүгінгі күні жарыққа ?ыққан діни басылымдар өз оқырмандарын тауып, жүректерге иман нұрын ұялатуда. Аллаһқа ?үкір жан-дүниені жылытатын, қараңғы көңілді сәулелететін, адами құндылықтарды сақтайтын рухани ақпарат айдынына еркін қызмет жасауға жол а?ылды. ?мандылықты қараңғылық деп түсінген ке?егі надандықтың жолына бұғау салынып, Аллаһтың кәләмі – Құранды, Жаратқанның сүйікті ел?ісі, адамзаттың ардақтысы Мұхаммедтің (с.а.у.) сүннет жолын насихаттайтын кезге қол жеткіздік.

Міне, бүгінде әуелі Аллаһ қалап бұл мұқтаждығымызда ?е?імін тапқан секілді. Осыдан ү? жыл бұрын халықтың жанын байытатын жастарды арамдықтан айырып адалдық пен адамгер?ілікке жетелейтін рухани-танымдық діни, тарихи-мәдени бағытты қамтитын бірден бір айрық?а басылым «Рахмет самалы» журналы дүние есігін а?қан-ды. Ү? жыл – баланың жасы. Дегенмен қарымды қалам иелерінің, ұ?қыр ойлы азаматтардың еңбегімен аз уақыттың і?інде оқырмандарының арасынан өзіндік бағасын ала білді. Мұндай басылымның қазіргі кезде қажеттілігін ұлт жана?ыры, дін жана?ыры болған ағаларымыз бен қарапайым халық жасыра алмас, бәлкім.

?ә, сөздің тобықтай түйіні «Рахмет самалы» журналын өн бойы озық, ?оқтығы биік басылым деп айтуға әбден тұрарлық. ?рленген көркемдік тұрғысы көз тартып, көңіліңді тойдырады. Көркемдігі мен сапалығы ұ?тасқан бірегей басылым. Жалпы «Рахмет самалының» әр санындағы әр тақырыптың кең көлемде қамтылғанын көруге болады. Мәселен, «ораза», «қажылық», «құрбандық» секілді т.б. асыл дініміздің ?арттары мен қағидалары тың тақырыптармен тиянақталған. Басылымның авторлары бір-бірінен кем түсер емес. Атап айтатын болсақ, ұстаз Осман Нури Топба?, хадис ғылымдарының докторы Хикмет Атан, дінтану?ы Файзулла Тайталиев, Ахмет Абдуррахманұлы, Бақытжан Өткелбаев және Хайреддин Өзтүрік, Бақытжан Оспанов сынды ағаларымыз ойып тұрып орын алып келеді.

Басылым бетін парақтағанда Аллаһ ел?ісі сүйікті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі әр қырынан жазылған, ал имандылыққа тәрбиелейтін иман тақырыбы пайғамбарлар тарихы, мұсылман өлкелері және балаларға арналған беттері өз оқырмандарын табуда. Демек, оқырман арасында өзіндік орынын тапқан бағалы басылым деуге тұрарлық-ақ.

Жалпы «Рахмет самалының» көздеген мақсаты көркем мінезділікке, байыптылыққа, адами құндылықтарды сақтап иманды азамат болуға тәрбиелеу. Осы басылым еліміздің егемендігіне өз үлесін қоса алған. ?р ?аңыраққа руханияттың самалын серпіген, оқырман тарапынан рахмет-алғысын алған ғұмыры ұзақ, тәрбиесі мол мұрасына айналсын дей келе, Рахмет самалының ұ?қыр ойлы ұжымына тек тілерім – руханияттың қарымды қаламгері болсын. Шалқардай ?абыт, қызметте табыс, Аллаһтың разылығына бөленген, Пайғамбар сүннетіне сай сөзі мен ісі жарасқан азаматтар қатарынан болсын дегім келеді.

Қазақстан журналистер одағының мү?есі,
Республикалық діни басылым «Нұр» газетінің бас рекдакторы.
Қызылорда қаласы



Авторы: Қайырбек Отызбаев
2007-03-18

 
2008-03-04
Мұрағат
 
2004 жыл
2005жыл
2006 жыл
2007 жыл
· Редакция алқасы · Журнал авторлары · Жарнама · Жазылу-2007 ·
   Copyright © Қазақ Интернеті © All Rights Reserved