Ибраһим пайғамбардың (а.с.) көңіліне ыстық, жүрегіне қымбат үш нәрсесі бар еді: малы, жаны және баласы. Аллаһ Тағала оны осы үшеуімен де сынап көрді.
Хазіреті Ибраһим Аллаһтың зікірі үшін малын түгел қиды. Сосын Нәмрудпен белдесіп, отқа тасталған кезінде Аллаһтың тағдырына ризашылық білдіріп жанын да қиды.
Аллаһ Тағаланың адамдарды бір-біріне мұқтаж етіп жаратқанын, әсте жадымыздан шығармауымыз керек. Қоғамда бай, әл-ауқаттылар болса, олармен қатар кедей-кепшіктер мен әлсіздер де болады. Сондықтан біз өз-өзімізге: «Аллаһ Тағала кейбір жандарды неге мұқтаж етіп жаратқан?» деп сұрақ қоюымыз қажет. Мұның жауабы былайша болса керек: «Мұқтаж жандар, мұқтаж болмағандар үшін иләһи аманат».
Еліміз тәуелсіздік алып егемендікке қол жеткізген аз уақыттың ішінде рухани байлығы мен құндылықтарына қайта оралды. Соның басты айғағы Аллаһ үйі болған мешіттер жер-жерден ашылып, сандары күн санап артып келеді.Мұнымен қатар дініміздің асыл мұраларын жетік білетін білікті де білімді дінтанушылардың қатары жыл өте көбеюде. Бүгінгі күні жарыққа шыққан діни басылымдар өз оқырмандарын тауып, жүректерге иман нұрын ұялатуда. Аллаһқа шүкір жан-дүниені жылытатын, қараңғы көңілді сәулелететін, адами құндылықтарды сақтайтын рухани ақпарат айдынына еркін қызмет жасауға жол ашылды. Толығымен
Саңлақ сахабалар
2007-03-18.
БЕС УАҚЫТ НАМАЗДЫҢ АДАМ БАЛАСЫНА ӘСЕРІ
Оқыған намазының арқасында мінез-құлқы өзгеріп, күллі жақсылықтардың бәрін бойына жинайды. Адамгершілігі мол инабатты болады. Міне, сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мүминдердің иман тұрғысынан ең мықтысы – ең көркем мінездісі, ал ең қайырлысы – әйелдеріне қайырлы болғаны» - деп насихаттайды. Толығымен
Діни айлар мен күндер
2007-03-18.
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.А.У.) ТУЫЛҒАН КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Аллаһ Тағалаға сансыз мақтау, Пайғамбарымызға салауат болсын! Шын мәнінде Аллаһ Тағаланың адам баласына берген нығмет-несібелері шексіз. Оны санап та тауыса алмайсың. Құран Кәрімде: «Аллаһтың нығметін санайтын болсаңдар, санына жете алмайсыңдар» делінген. (Ибраһим сүресі 34-аят) Толығымен