Тәннің рухани азығы – Ораза
Жалпы алғанда ораза ұстауда еркек пен әйелдің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Әйел де балиғатқа толғаннан кейін ораза ұстауға міндетті болады. Бірақ етеккір көрген немесе жаңа босанған әйелдер ораза ұстай алмайды. Мұндай әйелдер рамазанда ұстай алмаған оразаларын кейіннен қаза етіп орындайды. Сонымен қатар, етеккір көріп жүрген әйел кешкісін ораза ұстауға ниет етсе, сәресі уақытынан бұрын тазаратын болса, оразасы дұрыс болады. Мұндай әйел, сәресіден бұрын жуына алмаса, яки жуынуға мүмкіндік таба алмаса немесе ауыз бекіткеннен кейін жуынса да оразасына зиян келмейді. Сондай-ақ, ханым сахаба Үммү Сәләмадан мынадай дерек бар: «Расулуллаһ (с.а.у.) жүніп болғаны үшін емес, жыныстық қатынас себебімен жүніп болып таң атыратын, оразасын жалғастыратын, қаза етіп өтемейтін» (Мүслим, Сиям 75-78; Ахмед бин Ханбал ҮІ, 34, 36, 38, 67; Бақара сүресі, 187-аят; Бұхари, Саум 22, 35; ибн Мәжә, Сиям 27; Мәлік, Муатта, Сиям 11). Сонымен бірге, сәресі уақыты өтпей тұрып жүніптік пен хайыз-нифастан тазарған абзал. Дегенмен, Пайғамбардың үмбетіне жеңіл болу үшін ғұсылды таңғы уақытқа дейін кешіктіргендігін де ұмытпаған жөн.
Рамазанда жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдер өздеріне немесе балаларына зиян келуінен қауіптенген жағдайда ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Бұларды кейіннен қаза етіп орындайды. Бұған дәлел «науқас пен жолаушыға ораза ұстамауға рұқсат ететін» Бақара сүресіндегі 2-аят пен мына хадис: «Аллаһ Тағала жолаушыға ораза мен намаздың жартысын жеңілдеткен. Ал жүкті және бала емізетін әйелдерді оразадан босатқан» (Нәсайи, Сиям 50, 51, 62; ибн Мәжә, Сиям 3, 50; Тирмизи, Адахи 10; Ахмед бин Ханбал ІІ, 183).

10-Наурыз, 2010
admin
Бөлімі: