Абдуллаһ Хикмет Атан
Хадис ғылымдарының докторы
Кейде жасаған құлшылықтарымыз қабыл болып жатыр деген оймен өз-өзімізге кепілдік беріп, қателікке ұрынып жатамыз. Кім білер, бәлкім бұл нәпсіміздің алдамшы айласы шығар. Дегенмен барлық амалдарымыздың әрине қабыл болғанын қалаймыз. Қабыл етілмеген амал – босқа зая кеткен еңбек болып табылады.
Бірде Айша анамыз (р.а.): «Уа, Аллаһтың Расулі! Жихадты – амалдардың ең абзалы деп білеміз, біз де жихадқа шықсақ қайтеді? - деп сұрадым деді. Сонда ол мынадай жауап берді:
– Жихадтың ең абзалы әрі ең көркемі –ешқандай күнә араласпай, шарттарына сай жасалған қабыл болған қажылық.
Айша ана: «Мұны естігеннен кейін қажылықтан ешқашан қалмадым» дейді (Бұхари, Нәсәи). Толығымен »