|
Көңіл дариясынан ғибратты насихаттар
 17-Наурыз, 2010  admin
Осман Нұри Топбаш
Исламтанушы ғалым
Құранда айтылған «Сәлим, мүниб және мұтмайн» сынды жүректердің қасиеттерін сақтап, науқас жүректерді емдеп, мәңгілік мөрі басылған жүректердің кебінін кимес бұрын орындалуды қажет ететін мынадай шарттар бар. Олар:
1. Адал тамақ.
2. Истиғфар және дұға.
3. Құран оқу және оның үкімдеріне мойынсұну.
4. Құлшылықты ынтамен орындау.
5. Түнді құлшылықпен өткізу.
6. Аллаһты зікір ету және өзін-өзі бақылау.
7. Расулуллаһқа сүйіспеншілік таныту.
8. Өлімді ойлау.
9. Салих және шыншылдармен бірге болу.
10. Көркем мінез-құлық иесі болу.
Дегенмен жоғарыдағы аталмыш шарттарды ынтамен орындау қажет болғанымен, алдымен бұлардың не екенін дұрыс түсініп, мәнін жете ұғыну керек. Толығымен »
 17-Наурыз, 2010  admin
Осман Нұри Топбаш
Исламтанушы ғалым
Нәпсіні тазарту – күпірліктен, надандықтан, жаман сезімнен және жағымсыз мінезден арылу деген сөз. Яғни, нәпсіні шариғатқа қайшы келетін әр түрлі сенімнен, мінез-құлықтан және іс-амалға байланысты қателіктерден арылту дегенге саяды. Оны тазартып, жамандықтардан арылтқан соң, иман, парасат, білім, хикмет, даналық және көркем мінез секілді тақуалық қасиеттермен тәрбиелеп, руханиятқа баулу басты назарда болу қажет. Толығымен »
 17-Наурыз, 2010  admin
Осман Нұри Топбаш
Исламтанушы ғалым
Адам баласына тегін ұсынылған яки еңбектену арқылы қол жеткізген барлық нығметтер Аллаһ Тағаланың сыйы болып табылады. Өйткені, нығметтерді жоқтан бар етіп жаратқан да, оларға қол жеткізу үшін пендеге қабілет пен күш берген де Хақ Тағаланың Өзі. Осы тұрғыдан қарағанда, адам баласы қолындағы нығметтерді Аллаһ тарапынан келген сый екендігін естен шығармауы керек. Бұлардың күні келгенде есебі берілетін аманат екендігін ұғыну қажет. Құран аятында: «Біз сендерді босқа жараттық және қайтадан біздің құзырымызға қайтарылып, есеп бермейміз деп ойладыңдар ма?» (Мүминун сүресі, 115-аят) делінеді. Толығымен »
 17-Наурыз, 2010  admin
Осман Нұри Топбаш
Исламтанушы ғалым
Уақыт – адамның ең баға жетпес байлығы. Оның кейбір мезгілдері Аллаһтың мейірімі, кешірімі және кеңшілігі кемерінен толып таситын маусым саналады. Сол маусымдардың ең берекелісі, әрине қасиетті Рамазан айы екендігінде ешкімнің дауы болмас. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл айдың құндылығы мен берекетін ескере отырып, Шағбан айының соңғы күндерінде былай деген екен: «Ей, мұсылмандар! Ұлы әрі мүбәрак айдың көлеңкесі төбелеріңе жақындап келді. Ол ішінде «мың айдан да қайырлы Қадыр түні» бар ай. Толығымен »
 17-Наурыз, 2010  admin
Осман Нұри Топбаш
Исламтанушы ғалым
Хақ Тағаланың шексіз ұлылығына, иләһи құдіреті мен сипат көріністеріне мақтау айтып, көндігуді «хамд» деп, ал Оның сансыз нығметтері мен ризықтарына тілмен, жүрекпен және іс арқылы алғыс білдіруді «шүкір» деп атаймыз. Бұл екі сөздің айтылуы әр басқа болғанымен, мағынасы бір-біріне өте жақын.
Ұлықтау мен хамд Аллаһқа ғана болуы керек. Яғни күллі мұсылмандардың құлдық борыштарының бірі – Аллаһ Тағаланың сансыз нығметтеріне хамд айту. Хамд айту әрбір құлдың міндеті бола тұра, Аллаһ Тағала өзіне мадақ айтқан пендесіне сый уәде етуі (Муслим, Зикр 89) неткен ілтипат десеңізші?! Әрине, бұл – Аллаһ Тағаланың шексіз мейірімінің көрінісі. Толығымен »
 17-Наурыз, 2010  admin
Осман Нұри Топбаш
Исламтанушы ғалым
Адам дүниеге келгеннен бастап оның тәлім-тәрбиесіне әсер ететін көптеген факторлар бар. Сондықтан ең алдымен адамға үлгі болатын әрі жөн сілтейтін біреу қажет. Себебі, оның тілі, діні, ахлағы және өміріне өң беретін сенімі мен пікірлері, іс-әрекеті өзіне ұсынылған өнегелер мен олардан алған әсерлерінен қалыптасады.
Мысалы, балалар әке-шешесі қай тілде сөйлесе, алдымен сол тілді үйренеді. Кейіннен басқа да кісілерден екінші, үшінші тіпті төртінші тілді үйрене алады.
Адам баласының жаратылысындағы еліктеушілік қасиет оның тұлға болып қалыптасуынан әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі. Сондықтан адам тәлім-тәрбиеге қарай жақсы немесе жаман нәрселерге еліктейді. Міне, адам осылайша әке-шешесінен, отбасынан және өскен ортасынан әр түрлі әсер алып, осы алған әсерлерінің нәтижесіне қарай жақсы немесе нашар адам болып қоғамға қосылады. Толығымен »
 17-Наурыз, 2010  admin
Осман Нұри Топбаш
Исламтанушы ғалым
ШЫНПЕЙІЛДІЛІКПЕН ЖАҚСЫ КӨРУ
Қаншама ғапыл жандар нәпсісінің жетегінде өмірдің дауылдары мен топан суларына тап болып, селмен сүйретілген бөренедей қамсыз жүр. Ол ол ма кейбіреулер сол қамсыздығы мен надандығын бақыт деп санап жүр. Қайысқандар қайысқандығын, майысқандар майысқандығын білмегендіктері үшін түзелуге, түрегелуге әрекет жасауды қажет деп санамай жүр. Толығымен »
 17-Наурыз, 2010  admin
Осман Нұри Топбаш
Исламтанушы ғалым
АДАМЗАТТЫҢ ҮШ СЫНАҒЫ
Ибраһим пайғамбардың (а.с.) көңіліне ыстық, жүрегіне қымбат үш нәрсесі бар еді: малы, жаны және баласы. Аллаһ Тағала оны осы үшеуімен де сынап көрді.
Хазіреті Ибраһим Аллаһтың зікірі үшін малын түгел қиды. Сосын Нәмрудпен белдесіп, отқа тасталған кезінде Аллаһтың тағдырына ризашылық білдіріп жанын да қиды. Сосын Аллаһтың әмірімен баласын құрбандыққа шалу керек болған кезде кідірмей оған да мойынсұнды.
Осылайша ол Аллаһпен дос болу мәртебесіне қол жеткізді. Халилуллаһ деген атына лайық болды. Толығымен »
 17-Наурыз, 2010  admin
Осман Нұри Топбаш
Исламтанушы ғалым
Ұлы дініміз Исламның беретін тәлімдері иманның өмірге енгізілген емлесі түріндегі көркем ахлақ жиынтығынан тұрады деуге болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мен көркем ахлақты кемелдендіру (толықтыру) үшін жіберілдім» - деген (Муатта, Хуснул хулқ 8).
Кәміл мүминнің мәртебесіне қол жеткізуіміз үшін Исламның ахлақ принциптерін бойымызға сіңіріп қана қоймай, оны өміріміздің күнделікті тіршілігіне енгізуіміз қажет. Мұны іске асырып, орындай алмасақ адамдық қасиетімізді былғап мәңгілік бақытты қолдан жіберіп алуымыз әбден мүмкін. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) өзінің (Құран тілімен айтқанда) ұлы көркем ахлағымен адамзатқа әдептің тұтас мәдениетін сыйға тартып кетті. Үмметтің ішінде Аллаһтың достары деген атқа ие болған кейбір пенделер де сол Аллаһ досы деген абыройға пайғамбардың осы ахлағынан сусындау арқылы қол жеткізді. Толығымен »
 17-Наурыз, 2010  admin
Осман Нұри Топбаш
Исламтанушы ғалым
(Жалғасы. Басы өткен санда)
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) халал мен харамға баса назар аударғаны сияқты шүбәлі, күдікті нәрселерден де өте сақ болатын еді. Бір жолы Хазіреті Хасан әлі кішкентай бала кезінде, мешітте атасының тізесінде отырып, зекетке берілген құрмалардың таратылуына қарап отырған еді. Алдындағы құрмалардың біреуін ауызына лақтырғанда Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған:
«Таста,таста! Ана құрманы шығар! Біздің садақа жемейтінімізді білмейсің бе?» - деп ескертті, сөйтіп немересінің аузындағы құрманы жерге лақтыртты. (Мүслим, Зекет, 161) Толығымен »
|
|