|
Әйелдер ғылымхалы
 17-Наурыз, 2010  admin
Сахаба Әнәс бин Мәликтен (р.а.) жеткен хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Маған дүниеде үш нәрсе ерекше сүйкімді: әйел, хош иіс және көзімнің нұры болған намаз» (Ахмад ибн Ханбал 3/128).
Тағы бір хадисінде: «Төрт нәрсе Пайғамбардың сүннетінен. Олар: ұялу, иіс су қолдану, тазалық сақтау және үйлену» (Тирмизи, Никах 1) деген. Толығымен »
 10-Наурыз, 2010  admin
Рысбекова Жайна Сапарбекқызы
Араб тілі маманы, дінтанушы
Аллаһ Тағала адамзатты жер бетіне халифа етіп жаратты. Оған «ақыл, сана, жүрек, көңіл, ұждан» деген ұлы нығметтер берді. Адам баласы осы нығметтер арқылы жақсы мен жаманның, дұрыс пен бұрыстың аражігін ажыратып, ойланып, шешімін табуы керек. Алайда, осы мәселелерде көбінесе әйелдер жағы осалдық танытып жатады. Өйткені олар ерлерге қарағанда, сезімтал әрі нәзік көңілді, лезде сенгіш келеді. Әсіресе, ырым-жырымдарға тез алданғыш келеді. Негізінде ырым-жырымды талқыға салып, байыптап қарайтын болсақ, олардың ешқандай негізі жоқ, түсініксіз, пайдасыз екенін аңғарамыз. Алайда, оған ешкім басын қатырып жатпайды. Бұрынғы жолды жалғастыра береді. Ал, бұл нәрселер біздің өмірімізді де, санамызды да улауда. Мұндай ырым-жырымдар мен әдеттерге Ислам не дейді? Мұндайда мұсылман әйел қалай қарекет етуі керек?.. Толығымен »
 10-Наурыз, 2010  admin
Қажылық – мұсылман ерлер мен әйелдерге парыз. Шариғат заңдылықтары әйелдерге қатысты мәселелерде кейбір ережелер қойған. Айталық, қажылық барысында әйелдер үшін жолсеріктің болуын қажет етеді. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Әйел, қасында жақындарының біреуі болмаса үш күннен артық сапарға шыға аламайды. Әйел адам қасында күйеуі болмаса қажылық жасамасын» (Бұхари, Мәсжиди-Мәккә 6, Сайд 26, Саум 67; Әбу Дәуіт, Манасик 2; Тирмизи, Рада 15; Ахмад бин Ханбал ІІІ; Әш-Шәукәни, Нәйлүл-Әутар ІҮ, 491). Толығымен »
 10-Наурыз, 2010  admin
Зекет – әйелдерге де тиесілі
Зекет, әл-ауқатты ер кісілер мен әйелдерге парыз. Құран Кәрімнің 28-аятында «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер» - деген әмір әрине әйелдерді де қамтиды. Сонымен қатар, әйелдердің де зекет беруге міндетті екендігін көрсететін бірнеше дәлелдер бар. Толығымен »
 10-Наурыз, 2010  admin
Тәннің рухани азығы – Ораза
Жалпы алғанда ораза ұстауда еркек пен әйелдің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Әйел де балиғатқа толғаннан кейін ораза ұстауға міндетті болады. Бірақ етеккір көрген немесе жаңа босанған әйелдер ораза ұстай алмайды. Мұндай әйелдер рамазанда ұстай алмаған оразаларын кейіннен қаза етіп орындайды. Сонымен қатар, етеккір көріп жүрген әйел кешкісін ораза ұстауға ниет етсе, сәресі уақытынан бұрын тазаратын болса, оразасы дұрыс болады. Мұндай әйел, сәресіден бұрын жуына алмаса, яки жуынуға мүмкіндік таба алмаса немесе ауыз бекіткеннен кейін жуынса да оразасына зиян келмейді. Сондай-ақ, ханым сахаба Үммү Сәләмадан мынадай дерек бар: «Расулуллаһ (с.а.у.) жүніп болғаны үшін емес, жыныстық қатынас себебімен жүніп болып таң атыратын, оразасын жалғастыратын, қаза етіп өтемейтін» (Мүслим, Сиям 75-78; Ахмед бин Ханбал ҮІ, 34, 36, 38, 67; Бақара сүресі, 187-аят; Бұхари, Саум 22, 35; ибн Мәжә, Сиям 27; Мәлік, Муатта, Сиям 11). Сонымен бірге, сәресі уақыты өтпей тұрып жүніптік пен хайыз-нифастан тазарған абзал. Дегенмен, Пайғамбардың үмбетіне жеңіл болу үшін ғұсылды таңғы уақытқа дейін кешіктіргендігін де ұмытпаған жөн. Толығымен »
 10-Наурыз, 2010  admin
Әйелдер ғылымхалы
Ислам шариғатындағы бұйрықтар мен тыйымдарды орындау барысында, ер кісілер мен әйелдер арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Алайда, құлшылықтарды орындау барысында кейбір ғибадаттарда әйелдерге оңтайлы жеңілдіктер берілген. Олар: намаз, ораза, зекет, қажылық және т.б. Міне, осыған орай журналымыздың әр санында әйел кісілерге қатысты дін мәселелер төңірегінде азды-көпті мәліметтер ұсынып отыратын боламыз. Толығымен »
|
|