Тәпсір | “Рахмет самалы” рухани-танымдық, діни, тарихи-мәдени журнал

Тәпсір

Мәсад сүресі

Бауыржан Алиұлы


Бұл сүре Меккеде түскен. Ижма бойынша бес аяттан тұрады.

Аталуы: Бұл сүре «Мәсад» сүресі деп аталады. Сүре атауы сүредегі «мәсад» сөзінен алынған. Мұнымен қоса «Тәббат», «Әбу Ләһаб», «Ләһаб» деген атаулары да бар.

Сүре мұсылмандардың ата жауы Әбу Ләһаб пен оның жары Умму Жәмилдің бұл дүниеде әрі ақыретте көрер азабы, қайғылы нәтижесі жайлы сөз қозғайды. Өйткені, олар Пайғамбарымызға (с.а.у.) көптеген залал тигізді. Тіпті, бар шаруаларын тастап, көптеген жандардың мұсылманшылықты қабылдауына кедергі болуға күш салды. Толығымен »

Ықылас сүресі

Бауыржан Алиұлы

Дінтанушы


Бұл сүре Абдулла ибн Масғұд, Ата, Қатада, Икрима, Мұжаһид секілді ғалымдардың пікірінше Меккеде түскен. Алайда ғұламалардың арасында Мәдинада түсті деген көзқарас та бар. Ижма бойынша төрт аяттан тұрады. Тәртіп саны тұрғысынан Құран Кәрімнің жүз он екінші сүресі.

Аталмыш сүре шариғаттың негізі болып табылатын мәселе жайында сөз қозғайды. Ол таухид мәселесі. Толығымен »

Фәлақ сүресі

Бауыржан Алиұлы

Дінтанушы


Фәлақ сүресі Нас сүресімен бірге Меккеде түскен. Ижма бойынша бес аяттан тұрады. Тәртіп саны бойынша Құран Кәрімнің жүз он үшінші сүресі. Реттік саны тұрғысынан жиырма бірінші. Қысқалығына қарамастан бұл сүре, Нас сүресі іспетті.

Қараңғы түннің, күндеушінің күндеуінен, арам ниетті кез келген дуалаушының күллі жамандығына қорған бола алады. Толығымен »

Нас сүресі

Қысқа сүрелердің тәпсірі

Бауыржан Алиұлы

Дінтанушы


Кіріспе:

Нас сүресі Меккеде түскен. Мәдинада түскен деген деректер де кездеседі. Ижма бойынша алты аяттан тұрады. Тәртіп саны бойынша Құран Кәрімнің соңғы сүресі, ал түсудегі реттік саны бойынша жиырма бірінші. Қысқа әрі нұсқа екендігіне қарамастан осы сүре, қас дұшпанымыз шайтанның, оның адам мен жыннан тараған көмекшілерінің күллі жамандығынан, азғыруынан Раббымыз Құдай Тағалаға сыйынуды үйретеді. Бұл сүре мұсылманның бес қаруы іспеттес. Кез келген шақта қолдана алады. Толығымен »

Web-сайт жасау, техникалық қолдау: "Қаламгер ТЕН" ЖШС